Хабарландыру!

Астана қаласы әкімдігінің №31 «Ақ сұңқар» МКҚК балабақшасына психолог маманы және тәрбиешілер сарапшы, зерттеуші, шебер, санаттарымен бос лауазымына конкурс жариялайды. Құжаттарды конкурстық комиссия 15.08.2025ж-21.08.2025ж жылдан бастап мына мекен-жайға Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 75 А мекен жайы бойынша акеліп тапсыруға немесе мына электронды поштаға тапсырылуы тиіс: электронды пошта: 31_ds@mail.ru

Құжаттарды сағат 09.00-18.00 дейін қабылдайды.

Конкурс балабақшаның музыка залында 22.08.2025 ж Астана уақытымен сағат 14.00 өтеді.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс нөмірлері:

87172(39-74-49) , 87759612121

Педагогтің бос лауазымына тағайындау конкурсы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 № 57 және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.03.2025 №96 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және фото (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

8) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) 17-18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі және осы қағидалардың 153-тармағында көрсетілген құжаттардың болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.