Хабарландыру!

Астана қаласы әкімдігінің №31 «Ақ сұңқар» МКҚК балабақшасына сарапшы, зерттеуші, шебер, санаттарымен тәрбиешінің бос лауазымына конкурс жариялайды. Құжаттарды конкурстық комиссия 04.10.2024ж-10.10.2024ж жылдан бастап мына мекен-жайға Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 75 А мекен жайы бойынша акеліп тапсыруға немесе мына   электронды поштаға тапсырылуы тиіс: электронды пошта: 31_ds@mail.ru

Құжаттарды сағат 09.00-18.00 дейін қабылдайды.

Конкурс балабақшаның музыка залында 11.10.2024 ж Астана уақытымен сағат 14.00 өтеді.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс нөмірлері: 87172(39-74-49) , 87759612121

Педагогтің бос лауазымына тағайындау конкурсы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 №432 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психо-неврологиялық ұйымнан анықтама; 8/наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе

қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.